Қазақ тілінен презентация "Сабақтас құрмалас сөйлем"

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Құрмалас сөйлем.

Екі не одан да көп жай сөйлемдердің мағыналық және интонациялық тығыз бірігіуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемде кем дегенде екі предикативтік орталық болады (жай сөйлемде бір ғана предикатиивтік орталық бар), яғни екі я одан да көп жай сөйлемдерден тұрады. Соған орай оның мазмұны да күрделі болады.

Мысалы: Бар көлікті, шабынды қолы тартып әкетті де бала-шаға жаяу қалды. (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемде екі түрлі жай баяндалып тұр: бір оқиға шабынды қолының бар көлікті тартып әкетуі туралы болса, екіншісі – бала шағаның жаяу қалуы жөнінде (ал жай сөйлемде бір ғана оқиға баяндалады). Сонымен бірге ол сөйлемде бастауыш, баяндауыштан құралған предикативтік орталық екеу (шабынды қолы тартып әкетті және бала-шаға жаяу қалды).

Құрмалас сөйлемге бірігуші жай сөйлемдер әдеттегі жай сөйлемдерге сырттай ұқсас болғанымен, өзара әрі мағыналық, әрі интонациялық тығыз бірлік құрап тұрады. Осыған орай құрмалас сөйлемді құрайтын бөлшектерді жай сөйлемдер демей, предикатив сыңарлар деп атаған орынды.

Құрмалас сөйлемнің предикатив сыңарларын байланыстыратын тәсілдер мыналар:

1)Интонация: Тоймай жер әлек, тойғыза алмай нар әлек (Ғ. Мұстафин).

2)Жалғаулық (кейде септеулік) шылаулар: Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес (Б.Майлин). Қойдың құты Шыңғыс болған соң, көо елдің жақсы қыстау іздегенде шығатыны да сол Шыңғыс (М. Әуезов).

3)Алғашқы предикатив сыңарының баяндауышының тиянақсыз тұлғасы: Сен тілмен айтсаң, мен жүрекпен айттым. Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне және құрамына қарай салалас, сабақтас және аралас болып 3-түрге бөлінеді.

Салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы предикативты сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, интонация және жалғаулық шылаулыр арқылы байланысатын құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы:

Көп балалы үйдің шаң- шұны көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ (С. Мұқанов). Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді (Ғ. Мүсірепов).

Салалас құрмаластың жасалу жолдары. Салалас құрсалас сөйлемнің предикатив сыңарлары мынадай жолдармен байланысады:

А) Интонация арқылы жалғаулықсыз іргелесе байланысады. Мысалы: тиын- тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Біздің пойыз Қазан вокзалына келіп тоқтауы – ақ мұң екен, солдаттар қаптады да кетті (Ш. Мұртазаев).

Ә) Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Буланбайдың жауаптарына көңілі тыңшыққандай болды да, Ушаков қазақ жұмыскерлерінің көмірді қалай жатқандарын біраз қарап тұрды. Біресе аспанға өрлеп көрінбей кетеді де, біресе төмен қарай ағады (Ғ. Мүсірепов)

Презентацияда сабақтас құрмалас сөйлем, оның түрлері, жасалу жолдары баяндалған.Жаттығу жұмыстары берілген.

Бағыныңқы сыңарының басынқыға мағыналық қарым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас мезгіл, шартты, қарсылықты, себеп, мақсат, амал бағыныңқылы болып алты түрге бөлінеді

Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғаның мезгілін білдіретін сабақтас құрмаласты мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқы сыңары қашан?қашаннан бері? Қашанға шейін? Сұрауларының біріне жауап беріп, баяндауыштары жатыс жалғаулы, -ша, -ше тұлғалы және соң, кейін, шейін, сайын, бері шаруалары мен шақта, кезде, уақытта сөздері тіркесінен есімшелерден, шартты рай жұрнақтарынан, -ғалы, -гелі, -а, -е көсемше тұрғаларынан жеке –ысымен,-ісімен тұлғалы сөдерден жасалады.

Шартты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басынғыдағы іс, оқиғаның шартын білдіретін сабақтас құрмаласты шартты бағыныңқылы сабақтас дейміз. Бағыныңқы сыңары қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше? сұрауларының біріне жауап беріп, баяндауыштары шартты рай, -й, -йынша, -йінше тұлғалы етістіктерден, жатыс септік жалғаулы есімшеден жасалады.

Шартты бағыныңқылы сабақтастарды шарты райдан жасалған түрлерінде кейде үтірдің орына сызықша қойылады. Ол басыңқы сыңары бастауышсыз келіп, толымсыз жұмсылған жағдайда болады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы, басыңқы сыңарлары бір-біріне қарама-қарсы мәнде келетін сабақтас құрмаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқылы сыңары қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? Сұрақтарының біріне жауап беріп, баяндауышы көмектес жалғаулы, -ша, -ше жұрнақты есімшеден, рай тұлғасынан және көсемшенің –а, -й тұлғаларынан жасалады.

Себеп бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғының себебін білдіретін сабақтас құрмаласты себеп бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқы сыңары неліктен? не себептен? неге? деген сұрақтардың біріне жауап беріп, баяндауыштары –дықтан, -діктен күрделі қосымшалы немес соң шылауы тіркескен есімшеден, -ып, -й тұлғалы көсемшеден жасалады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғаның мақсатын білдіретін сабақтас құрмаласты мақсат бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқылы сыңары не үшін? не мақсатпен? Деген сұрауларға жауап беріп, баяндауыштары тұйық етістікке үшін шылауының тіркесуі арқылы, -мақ, -мек жұрнақты етістікке болып көмекші етістігінің шартты, қалау, 3-жақтағы бұйрық райлы етістіктерге тіркесіп келуі арқылы жасалады.

Амал бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы іс, оқиғының қалай орындалғанын білдіретін сабақтас құрмаласты амал бағыныңқылысабақтас дейміз.

Бағыныңқы сыңары қалай? қайтіп? Сұрақтарына жауап беріп, баяндауышы көсемшенің –ып, -іп, -а, -е, -й тұлғалары арқылы және өткен шақ есімшеге –дай, -дей тұлғалары жалғануы арқылы жасалады.

Көп бағыныңқылы сабақтас. Бірнеше бағыныңқылы сыңары бір сабақтас құрмаласты көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейді.

Көп бағыныңқылы сабақтастар бағыныңқыларының өзара және басыңқымен байланысын сыйпатына қарай жараспалы және сатылы болып бөлінеді.

Бағыныңқылары басыңқымен тікелей байланыса алатын түрін жараспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейді.

Бағыныңқылы біріне-бірі сатыланып барып, ең соңғы бағыныңқымен байлансытарын түрін сатылы көп бағыныңқылы сабақтас дейді.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 181 Kb
Количество скачиваний: 317
Просмотров: 668

Похожие материалы