Әә дыбысы және әрпі даярлық топ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Жоғарыда айтылып өткен дәлелдер оқушылардың топтық жұмыстарында айқын байқалды. Мысалы, екінші сабағымда  оқушылар  бір-бірінің идеясын тыңдап, ортақ бір шешімге келіп, өзара келісе білді, және сол идеяларды дәлелдеп, сыныптастарының  алдында тек өзінін ойын ғана емес, топтың да ой толғанысын жеткізе білді.  Әрине оның бәрі сөз арқылы, яғни диалог арқылы жүзеге асты.                                                                             Әңгіме , ертегі  кездерінде де сұхбат, сұрақ жауап арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын  анықтауға болады.   Мысалы, бір сабағымда белгілі ертегіні өз беттерімен ата аналарының  көмегімен  дайындап келуге тапсырдым. Келесі сабақта сол тапсырманы орындағанын және түсінгенін тексеру мақсатында, сұрақ-жауап арқылы «Дәл  тауып  айт» ойыны түрінде бақылай бастадым. Сонда, оқушылардың үйдегі дайындығы қаншалықты сапалы түрде орындалдалғаны анық көрінді. Себебі, біреулері жауап беріп жатса, екіншілері сол жауапты іздеу барысында болды. Ал, менің күтілетін нәтижем мүлдем басқа болды.

           Осы аталып кеткен жұмыс түрлері Барнс пен Мерсердің «зерттеушілік әңгіме» туралы ойларынан да байқауға болады. Олардың айтуы бойынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлеледеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді депті. (3)

 

 

 

 

                                                                                                                                                                            Бағалаудын өзі зерттеушілік әңгіме барысында жүзеге аспайды ма? Мысалы, «  Менің   отбасым »   тақырыбында ой қозғаған  кезде  «Егер мен отбасым туралы  әдемі  әңгіме  құрасам  бес алар едім, бірақ мен өзіме бүгінгі сабағыма төрт қоямын» деп сабаққа белсенді қатысқан оқушы, өзінің біліміне сенімсіздікпен қараса, «Сіздер осы бағамен келісесіздер ме?» деп сыныптастарының пікірін сұраған едім, олар «Келіспейміз, себебі, сен сабақ бойы өзінді көрсете біліп, әрдайым жауап беріп отырдың» деп өздерінің ой тұжырымдарын ортаға салып, пікірлерін айтты. Сол арқылы оқушылар тек қана әңгімелесіп қойған жоқ, олар бірін-бірі ынталандыра түсті. Және бұл жердегі диалог, оқулықтағы диалог үлгісінен қарағанда мың есе артық. Себебі, ол диалогтің өмірмен байланысы басым, яғни жаттанды диалогті күнделікті өмірде қалай қолданам десең, ойынан еркін шығатын диалог түрі оқушыларды өмірге бейімдейді. 

 

Ойлана келе, жеті модульдің  негізі диалогтік оқытуда болып отыр деп шештім.  Себебі, сабақ барысында сұрақ қоюдың әдісі, дәстүрлі сабақтардағы әдістен анағұрлым ерекшеліктері бар. Сұрақтарды қойғанын өзінде көп ойланып, проблемалық сұрақтар қоюға тырыстым. Мысалы, өлеңді ,  ертегіні тыңдатып, «Бұл өлеңде, ертегіде қандай сөздер қолданылған?» деп сұрадым.  Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, сызба түрінде көрсетіп және айтқан кезде жауаптарын өзім қайталап отырдым. Жауаптарды қайталаған мақсатым біріншіден сөзді дыбыстауларын түзету және сол жауаптын дұрыстығын дәлеледеу мақсатында қолдандым. Соңында, бірлесе жасаған нәтиже арқылы  қайталап, пысықтап шықтық.     

                                                                                                                          

Әрине, диалог арқылы тіл  дамыту өте күрделі іс. Біріншіден, тіл кедергісі, екіншіден сөздік қорларының жетіспеушіліктері. Ойлана отырып, бала  тілімен ойын жеткізу де оңай емес. Бірақ, мектептегі тәжірибемнің нәтижесі бойынша,бұл қөзқарасымды өзгерттім.Қысқа мерзімді тәжірибемде алдыма қойылған мақсаттарыма толықтай қол жеткіздім деп айта алмаймын. Себебі, әлі де  толықтыратын, өзгертетін, үйренетін, салыстыратын, ой толғанысынан өткізетін жағдаяттар өте көп.Өйткені  менің сыныбым  даярлық  топ  қой .Бірақ даярлық  топ  болғанына  да  қуанамын ,  өйткені Кембридж  программасының  іргетасын дәл  осы  жастан  бастау керек деген  ойдамын . Егер мені екінші бетке-бет кезенінең кейін, тым болмаса бір аптаға мектептегі тәжірибеге жіберсе, онда менің сабақтарым мүлде басқа түрде өтеді деп ойлаймын.

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 3.17 Mb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 137

Похожие материалы