Ашық сабақ "Көркем мінез – көңіл көкжиегінің кеңдігі"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

"Көркем мінез – көңіл көкжиегінің кеңдігі"

Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.

Жақсы мінез – ғылым мен әдептілікті үйрену арқылы, жақсы адамдармен дос болу арқылы пайда болады. Ал жаман мінез оның керісіншесі. Яғни білімсіздік пен әдепсіздіктен, айналасындағы жаман адамдармен дос болудан қалыптасады. Мінез жайында ислам ғалымдары былай бұйырады:
Жаман мінезді адам сынған құмыраға ұқсайды. Өйткені, не жамауға келмейді, не бұрынғы балшық қалпына келтіре алмайсың. 
Кез келген ғимараттың іргетасы болатындай, исламның да іргетасын жақсы мінез құрайды.
Жаман мінез иесінің жасаған көптеген жақсылықтарын пайдасыз ететін өте жаман қылық. Ал жақсы мінез – сол адамның күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсы қасиет. 
Рухани биік дәрежелерге жеткен адамдар сол мәртебеге тек өзінің жақсы мінездері арқылы көтерілген. 
Жақсы мінезге жылы жүзділік, жомарттық және ешкімді ренжітпеу жатады. 
Жақсы мінезді адам ешкіммен ұрыспайды және ешкімді бір-бірімен шағыстырмайды.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 6 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 77

Похожие материалы