Қазақ тілінен презентация.Тақырыбы: Етістік.(2 сағат)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

 

 

Пәні: Қазақ тілі

Күні:26.02.15

Сыныбы: 2 «Г»

Сабақтың тақырыбы:

Етістік

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту.

Күтілетін нәтижелер:

Ø  Берілген суреттерді талдауды өмірмен байланыстырады;

Ø  Жаттығулар орындау арқылы өз бетінше қорытынды шығарады;

Ø  Өзгені тыңдап, өзінше жауап беруге үйренеді;

Ø  Сурет бойынша сөйлем құрауға үйренеді

Ø  Бір-бірінің қатесін тексеру арқылы жауаперкершілікті сезінуге үйренеді.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер:

Сұрақ-жауап, қорытындылау, ойындар.

Көрнекілігі:

Слайд,плакат,үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

2.      Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (2мин)

3.      Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі (5мин)

4.      Мақсат қою кезеңі

5.      Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (5 мин)

6.      Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі (14 мин)

7.      Бекіту кезеңі (14мин)

8.      Үйге тапсырма беру,бағалау кезеңі (2 мин)

Сабақ кезеңдері

уақыт

Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Ұйымдастыру

          Сәлемдесу

          Оқушылардың сабаққа керек құралдарын даярлату

Оқушылар сабаққа назарларын аударады.

 

 

 (Көңіл-күй көтеру).

Қайырлы күн болсын.

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!      (1слайд)

Оқушылар қарайды,тыңдайды,қайталайды.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3 мин

Үй тапсырмасын оқушыларға      

тізбектетіп оқыту.

147 бет 3-жаттығу. Суреттердегі жануарлар мен құстардың аттарын жаз.Олардың қасына не істейді? Қайтеді деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып қой.

Оқушылар жеке-жеке тақтаға шығады. Мазмұны айтылып болған соң сұрақтар қояды.

Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

5 мин

(2слайд)

 «Бинго» ойыны.
Сұрақтарға жауап алу.
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?

-Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
- Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?

Әр оқушы жеке-жеке сұрақтарға жауап береді.

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

-кім? Кімдер? Не? нелер? деген сұрақтар қойылады.

-Кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.

-Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.

-Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.

-Кім?не?сұрақтары на жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.

- Кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.

Мақсат қою кезеңі

 

Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.

 

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

 

5 мин

Балалар тақтаға қараңдаршы біздің сыныптың почтасына хат келіпті.

Оқып көрелік.(3-4 слайд)

Суреттегі жануарлар мен құстардың аттарын жазып, олардың қастарындағы сөздермен сәйкестендір. Не істеді? Қайтеді? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып қою.

 

 Қой

 

үреді

     Сиыр

маңырайды

 

  Жылқы

 

шақырады

     Түйе

 

мөңірейді

      Мысық

 

қаңқылдайды

      Ит

 

боздайды

     Әтеш

кісінейді

         Қаз

мияулайды

 

 

Жақсы балалар!  Орындап болсақ әрқайсысымыз көршіміздің парағын алып дұрыстығын тексерейік.

(5 слайд)

Ал балалар айтыңдаршы өздеріңі айтқан сөйлемдердегі қой,әтеш,сиыр, қаз,ит,жылқы сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен?
- Ал маңырайды,шақырады,мөңірейді сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
- Олай болса бүгінгі біздің өтетін сабағымыздыздың тақырыбы етістік деп аталады. Тақтаға назар аударайық етістік дегеніміз не?

(6слайд)

Ереже:

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды деген сұрақтар қойылады. Мысалы: кетті,оқыды,ойнады.

Иә, балалар! Біз өткен сабақта заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Ал бүгінгі сабақта ондай сөздер табын етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз.

 

 Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Дұрыстығын жұппен жұмыс барысында тексереді.

 

 Қой

маңырайды

 

үреді

  Сиыр

 

мөңірейді

маңырайды

 Жылқы

кісінейді

 

шақырады

Түйе

 

боздайды

 

мөңірейді

Мысық

 

 

мияулайды

 

қаңқылдайды

 Ит

 

үреді

 

боздайды

Әтеш

 

шақырады

кісінейді

  Қаз

қаңқылдайды

мияулайды

 

 

 

 

 

-Зат есімге жатады. Себебі заттың атын білдіретін сөздер.

 

-Не істейді? қайтеді? деген сұрақтар қойылады. Заттың қимылын білдіреді.

Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі

14 мин

Дәптермен жұмыс  (7 слайд)                

2-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

Қ.Мырза Әли.

Осы берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып сұрақ қояйық. Тақтаға назар аударып дұрыстығын тексерейік.

(8слайд)

4-жаттығу Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктерді тауып сұрақ қой.

Жіппен келеді,

Үзсең,сөнеді.

Дәптерге жазады,дұрысты

ғын тақтамен тексереді.

 

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

 

 

Сергіту сәті

3 мин

Чунга-чанга биі

Оқушылар тыңдайды,көреді,қайталайды.

Бекіту кезеңі

14 мин

Ал балалар енді бәріміз тақтаға назар салайықшы. Тақтадан не көріп тұрсыңдарү Осы үйдің қалған бөліктерін салуға көмек керек. Қане кім көмектесемін дейді.(9слайд)

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Орманда биік ағаштар өседі.

Оқушылар үзіліске шықты.

Апасы Мұратты дүкенге жұмсады.

Әсел Қарағандыдан келді.

Әсет қолын сабынмен жуды.

- Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.

- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
- Сөздерге етістік қосып айтыңдар

Тақтадағы құрылысы аяқталмаған ғимаратты жинаұтайды. Жаттығудың дұрыстығын тексереді.

Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі

 

(10слайд)3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.

 

 

 

Үй тапсырмасынан түсінбегенін сұрайды.

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 6.64 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 52

Похожие материалы