Информатика пәні бойынша презентация 7 сынып

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы

Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі

мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді – осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады

Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

 Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге

компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен

және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр

пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

 

Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және

тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

      Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер

СorelDRAW, Adobeillustrator  секілді

 

векторлық графикалық редакторларда жасалады. 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.03 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 145

Похожие материалы