КЕСТЕЛЕР ҚҰРУ. 6 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор. Кестелер. Кестелерді құру.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндік редактормен жұмыс  жасауды үйрету.Кесте құрудың жолдарын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, жұмыс жасау жылдамдығын арттырып, компьютерлік сауаттылығын дамыу.

Тәрбиелік: Оқушыларды жеке жұмыс, жұппен жұмыс жасау тәртібін үйрету, бойларын адами құндылықтарды тарату, жан-жақтылық, өз ісіне тиянақты қарауға тәрбиелеу.

 

Оқушылар білуі тиіс: мәтіндік редактордың мүмкіндіктерін,ортақ элементтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: кестені құрудың жолдарын, ондағы мәліметтердің қаріпін өзгертуді, кестені к

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақ әдісі:

Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта, карточкалар, бағалау фигуралары, плакат, оқулық, компьютер.(слайд1)

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, психологиялық дайындық жүргізу. (Оқушыларға Қинформатика кабинетіне, сабақтағы ережелерді еске түсіруге А3 парақша тізбекті түрде беріліп, соңғы қатардағы оқушы оқып шығады, слайд 2)

6-5сұраққа жауап -5,

4-3 сұраққа жауап – 4,

2-1 сұраққа жауап -3.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Оқушылар өткен сабақ соңындағы тест тапсырмасын дәптерге орындап келуі керек. Тестті қасындағы оқушымен алмасып, тақтадағы шкала бойынша тексереді, өз ойын айтады. Дұрыс деп санаған фигураны береді.(слайд 3)

 

 

ІІІ. Өлең  - сөздің патшасы (8 минут)

(Оқушылар ауызша қыс мезгіліне байланысты Абайдың өлеңін жатқа жазу керек, 2 шумақ, бірінші жазып болған балаға ерекше фигура беріледі) (слайд 4)

ІV. Сергіту сәті (3 минут)

(Оқушылардың бойын жазуға арналған жаттығулар), (слайд 5)

V. Кестелер әлемі (10 минут)

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Айрықша көзге түскен оқушыға мұғалімнен тағыда фигуралар үлестіреді. (слайд 6)

VІ. Сабақты бекіту (5  минут)

Әр оқушысы өзінің жұбымен сыни тұрғыда ойланып, бүгінгі сабақтан не алғанын жазып, іледі.

VІІ. Сатылы пирамида (4 минут)

Оқушылар 7 сатыдан тұратын пирамиданың сұрақтарына жауап береді. (слайд 7-14)

VІІІ. Оқушылардың білімін бағалау. (2 минут)

Мұғалім ауызша бағалап, қосымша жұлдызша алған оқушыларды ескереді.

ІХ. Үй тапсырамасы. (2 минут) (слайд 15)

22 тақырып. Тест тапсырмасын орындау.

Х. Тілек ағашы. (1 минут)

Алдағы сабақта не болғанын қалайды, бір сөзбен жазып, іледі.

Сабаққа қосымша материалдар:

1.                    Абайдың «Қыс» өлеңі.

2.                    Деңгейлік тапсырмалар.

3.                    Пысықтауға арналған жұмбақтар.

4.                    Оқушыларды бағалау парағы.

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 4.81 Mb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 113

Похожие материалы