Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі" өлеңі

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы:

Міржақып Дулатов

Шешенің балаларын сүюі

Сілтеме

http://kaztube.kz/ru/video/,

http://kk.wikipedia.org/wiki/

Жалпы мақсаттар

Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Оқулықта берілген өлеңіне жан-жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу;

Оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту, топта жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру;

Оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, сыйлай білуге, бағалауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Өзгеріс жасау кезінде сыныпта не болатынын бағалау.

Болжағанның орнына, шындығында не болып жатқанын нақты анықтау.

Үдеріске қандайда бір жаңалықты ұсыну арқылы әсер етуге және жәрдемдесуге тырысу

Негізгі идеялар

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады»

Тапсырмалар

1. Ақын өмірі туралы айту

2. Өлеңді мазмұндап, талдау.

3. Венн диаграммасы

4. Мақалдың жалғасын табу

5. Өлеңнің жалғасын табу

6. Жылдар мен оқиғаны сәйкестендіру

7. Бейнебаян бойынша ой қорыту

8. Топ көшбасшысына тапсырма

9. «Анаға тілек»

10. Эссе жазу.

Кейінгі тапсырмалар

Өзгерістерді бағалау

Басқа әріптестермен ақылдасу

Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау

Жүргізетін жұмысым

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сыныппен сәлемдесу.

ә) Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу (сыныпқа оқушылар кірген кезде бағдаршамның 3 көзі: қызыл,сары, жасыл түстерді тарату арқылы)

б) Сабақ алды тренинг. «Жүректен-жүрекке» .

- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болатынын байқаған шығарсыңдар.Бүгін сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Ендеше, бүгінгі сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге оқу-білімге қатысты нақыл сөз ретінде сабақалды тілегімізді білдірейік Әр топ оқушылары бір-біріне оқу-білімге қатысты тілек ретінде нақыл сөз айтады.

Сабақтың жүрісі «БЛУМ» таксономиясы бойынша:

І. БІЛІМ. Мағынаны тану сатысы

А) -Мультимедиялық тақтадан Қ. Әжібековтің «Ана мен бала» картинасын көрсету

- Оқушылар, бұл суретте нені байқадыңыздар?

Дұрыс, ана мен бала. Ал, енді ана бала үшін кім?

Иә, ана-баланың ең жақын, ең қамқор адамы. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы ана мен баланың арасындағы махаббат төңірегінде болмақ. Бүгінгі сабағымызда Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» атты өлеңімен танысамыз.

ә) Әр топқа тапсырмалар таратылып, топтар жаңа сабақпен өз беттерінше танысады.

1 топқа: М.Дутаұлы өмірі туралы мәліметтер

2 топқа: М.Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

3 топқа: Ақын өмір сүрген жылдардағы елдегі жағдай мен халқымыздың қазіргі жағдайы қандай? салыстыр

ІІ. ТҮСІНУ. Ойлан-топтас-талқыла.

Топтар тапсырмалары бойынша тпотың ортақ пікірін флипчартқа салып, түсіндіреді.

1 топ: Ақын өміріне қатысты мәліметтерді түсініп оқып, флипчарттқа топтың ортақ түсіндірме жұмысын жазу.

2 топ: Өлеңмен танысып, флипчартқа өлең мазмұнын түсіндіріп, өлеңді құрылысына қарай талдау.

3 топ: Екі кезеңдегі халықтың жағдайын салыстыра әңгімелеу.

Әр топ мүшелері тапсырмаларын ортаға шығып қорғайды.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.59 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 140

Похожие материалы