"Қосу формулалары" тригонометрия тарауы

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қосу формулалары
Сабақтың білімділік мақсаты:

білімділік : екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулалары туралы түсінік беру; осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе-тең түрлендіруде қолдануды үйрету.

дамытушылық : оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу, өз жұмысын бағалай білу дағдысын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

тәрбиелік:өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі иллюстрациялық, деңгейлік тапсырма, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық таратылмалы кестелер, деңгейлік тапсырмалар, плакаттар, компьютер, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақта өз білімдеріңді өздерін бағалап отырасыңдар. Ол үшін сіздерге «Сәттілік» картасы қажет болады. Оған аты-жөндеріңді жазасыздар.Парақта бүгінгі сабақтың тапсырмалары келтірілген. Әрбір дұрыс орындалған тапсырманың тұсына «плюс» таңбасын қойып отырасыздар. Сабақ соңында әр оқушы өз жинаған «плюс»-тарын санап, өз білімін бағалай алады. Әрине бұл жұмыс шындықты, жауапкершілікті талап етеді. Мен сіздердің шыншыл адам екендеріне сенемін. Ал енді сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау.

Тригонометриялық функциялардың таңбаларын қайталау

Тригонометриялық  функциялардың  жұп немесе  тақтығы

 

Қайталау есептері  «Сәттілік»  картасында 

1) Берілген бұрыштар қай ширекке тиісті:

а) 36°; б) 340°; в) -270°  г) -125°

2) Берілген функцияның таңбасы қандай:

а) cos 280 °           б) sin 179° ;

в) tq 500°              г) ctq 359°

3) Берілген функцияның жұп немесе тақтығын анықтаңдар

а) sin ( -α )           б) cos ( - α );                    

в) tq ( - α )            г) ctq ( - α )

Тригонометриялық  формулаларды  қайталау

«Тригонометрия элементтері» тарауын өту барысында тригонометриялық  формулалардың  әртүрлі топтарымен  және осы формулаларды өрнектерді түрлендіруде қолданумен таныстыңдар.

Кім осы топтарды атап өте алады?

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Келтіру формулалары.

        

Келтіру формулалары

 

Ал енді бүгінгі сабақта тригонометриялық формулалардың тағы бір тобымен танысасыздар: бұл - қосу формулалары деп аталатын топ

Жаңа тақырып:     Қосу формулалары

cos ( α +β) =cosα cos β – sinα sinβ

сos (α - β) =cosα cosβ + sinα sinβ

sin (α +β) =sinα cosβ + cosα sinβ

sin (α –β )=sinα cosβ – cosα sinβ

                                              

           

 

 

 

 

     

Деңгейлік   тапсырмалар         

   

 

Енді жалпы тригонометрия тарауын өту барысында қандай формулалар- мен таныстық, қандай жаңа ұғымдармен таныстық осыны топтастыру арқылы келтірейік.

 

Үйге тапсырма: п.22, №346 есеп жәнетригонометрияның шығу  тарихы туралы реферат жазып келу

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 447.37 Kb
Количество скачиваний: 393
Просмотров: 414

Похожие материалы