Презентация "Қаныш өткен сара жол!"

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қаныш өткен сара жол!
Сабақтың мақсаты: Көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, әдеби тілін қалыптастыру, сөздік қорын дамыту. Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, буклет, кітап көрмесі, сахналық қойылым.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп ,сабақтың мақсатын айту.
- Балалар, «Жері байдың - елі бай» деп тегін айтылмаған. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол , ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қаныш өткен сара жол!». Сабағымызды бастамас бұрын экранға назар аударайық! (видеоролик көрсетіледі)

-Балалар, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы жинаған не білеміз?

ІІ. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірбаянынан бастасақ.

1-оқушы: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - Павлодар уезіндегі Ақкелін облысының 4-ші ауылында қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 12 сәуірайында Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді."Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болған..."

2-оқушы: "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарды.

3-оқушы: Академик Қ.И.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады.

4-оқушы: Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының орынбасары болып сайланды. 1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды.

5-оқушы: Профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі. Екінші курстан кейін ол М.А.Усовтың дала жұмыстарына қатысты..."Институтты бітіргеннен кейін Қ.И..Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты.

6-оқушы: Қаныш Сәтбаев 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.

7-оқушы: 1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға зерттеу жұмыстарын жүргізді.

8-оқушы:1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кунцево деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты. Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген.

Мұғалім: -Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты басты мансабы не болды?

Жезқазғанды зерттеу болды. (слайд)

Мұғалім: -Балалар Қаныш ағамыз өз жері, өз елі, өз отбасынан жырақта жүрген кезінде өзінің сүйікті жарына көптеген хаттар жолдаған екен. Сол бір хатты жазып отырған жерінен сіздерге үзінді көрсетсек. (сахналық қойылым)

Мұғалім:Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ғылымға еңбек сіңірген қайраткер екен. Осы ғылыми зерттеу барысына тоқталсақ. (слайд)

Мұғалім: Қаныш ағамыздың бірнеше наградалары бар екен. Сол жөнінде біліп өтсек. (слайд көрсетіледі)

Мұғалім: Қаныш ағамыз жайлы көптеген өлең, тақпақтар және де киносы да түсірілген. Қаныш ағамызға арналған тақпақтар білеміз бе? (Әдеби монтаж)

1-Оқушы: (Жұлдыз)

Туып жатты көп ойлар,

Ойларынан өніп кетті «тоғайлар».

Жезқазғанға алғаш түрен салғанда,

Жүрегі де лүпілдеді, оңай ма?

Жеңіп шықты небір қиын қырсықты,

Қас дұшпаны тұрмай жатып тұншықты.

Сөйтіп мына Сахараның дамыған,

Ортасынан ойы биік ұл шықты.

2-Оқушы: (Аружан)

Ойы биік, бойы биік ғұлама,

Ғұламлар мәңгі жерде тұра ма.

Оның көңілі сонау бала кезден-ақ.

Ақбет таудан кең далаға құлаған.

Сыннан өткен батырлардай нар біткен

Жез қорытып, доломиттен, карбиттен

Еңбегіне қайран қалып, таңырқап,

Иіледі тау да, тас та, дала да,

Саған мәңгі қарыздар ғой жан аға!

Биік шыңдар, биік құздар төбеде,

Ұқсайды ылғи Қаныш сынды ағаға!

3-оқушы: (Алдияр)

Балалар болсаң жөндеп танысқалы,

Қазақтың қаныш ата данышпаны.

Көбейткен ел байлығын,

Кең байлығын,

Ол ғалым көптен де көп табыстары.

4-оқушы:(Аружан)

Кең дала сүйді оны, сайран белі,

Алтын, жез, күміс еді қазған кені.

Ашты ол көмір, темір, мұңайды да,

Ұлытау-тұңғыш қанат жайған жері.

Есімін айтып аққан бұлақ та бар,

Өзен, көл, теңіздер де сыр ақтарар.

Қазақтың кен атасы, жер атасы,

Тау мен тас «Қаныш» десең құлақ салар.

Мұғалім: Аяулы азаматтың есімі мәңгі өшпес. Қаныш ағамыздың мұражайлары да бар. Мұражайлары Алматы, Қарсақбай, Жезқазған қалаларында орналасқан екен. Өзіміздің Жезқазған қаласындағы мұражайы және Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық Университеті туралы видеоролик көрсек. (видеоролик қойылады)

Мұғалім: Балалар Қаныш ағамыздың ескерткіші көптеген қалаларда қойылған екен. Ескерткіштеріне тоқталсақ. (слайд)

Мұғалім: Қаныш ағамыз туралы жазған кітаптар да молшылық. Сол кітаптарға да көңіл бөлсек. (слайд)

Мұғалім: Балалар Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен біздің қаламызда аталады. Қаламыз туралы тақпақ, өлеңдер білеміз? (Тақпақтар айтылады.Сәтбаев қаласы туралы мағұлмат, слайд)

Мұғалім: Балалар бүгін біз Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайлы көптеген ақпараттар алдық. Сабағымызды мына сұрақтар арқылы қорытындыласақ?

Сұрақтар:

1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қай жылы дүниеге келді және қай жылы қайтыс болды? – 1899 жылы 12-сәуірде дүниеге келіп, 1964 жылы 31 қаңтарда қайтыс болды.

2. Қаныштың әкесі мен анасының есімі кім? -әкесі Имантай, анасы-Әлима.

3. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев кім? – Аса көрнекті ғалым, ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, ғылыми зерттеуші, геолог.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды қаламыздың құрмет азаматы, ақын, жазушымыз Мауия Бекмағанбетқызының сөзінен жазылған «Сәтбаев –вальсі» әнімен аяқтайық! (Хор: Ән) Сау болыңыздар!

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 25.39 Mb
Количество скачиваний: 41
Просмотров: 211

Похожие материалы