Презентация для учителей (ІІІ уровень)

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

ІІІ деңгейлі мұғалімдерге арналған. 

 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларын

меңгеру – қазіргі заман талабы.

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. 

Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

  • үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
  • қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пән аралық байланысты күшейте отырып оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Ақпараттық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі. Жеке тұлғаның ақыл-ой санасы, оқу, білім алу барысында қалыптасады.   Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені  ашуға тырысатын болғандықтан, олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлемін.   Оқушылардың  өздігінен істейтін жұмысы олардың белсенділігін арттырады. 

Сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың танымдық кабілеттерін арттыратын ойын элементтерін пайдалану, ребустар, сөз жұмбақтар құрастыру жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді.

АКТ-ның мұғалімді алмастыра алмайтынын, оның көмекші құрал екенін естен шығармауымыз керек.

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 158.38 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 63

Похожие материалы