Презентация "Қол жұмыстарына арналған жабдықтар мен жұмыс орнын дайындау. Уақытша тепшімдер"

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:



Бағдарлама тақырыбы: Қол жұмыстары бойынша жаттығуларды дайындау.

Сабақтың тақырыбы:    Қол жұмыстарына арналған жабдықтар  мен жұмыс 

                                             орнын дайындау. Уақытша тепшімдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға қол жұмыстарына арналған жабдықтар  мен жұмыс орнын дайындау, қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, жаттықтыру;

Дамытушылық:Қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;

Сабақ түрі: Аралас

Әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.

Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары, оқушылардың жеке құралдары.

МТҚ:  АТҚ

Пәнаралық байланыс:  Технология, жабдық

Сабақ барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе  нұсқау (30 – 35 мин)

Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Пирамида құру»

1.     Машина инесімен көздің арасын қанша? 40 – 45 см қашықтықта сақтау керек.

2.     Жарақаттың алдын алу үшін әр кәсіпорында нұсқау тұруы тиісті. Нұсқау берудің түрлерін ата:1. Кіріспе нұсқау.
           2. Жұмыс орнында бастапқы нұсқау.
           3. Қайталау нұсқау.
           4. Жоспардан тыс нұсқау.

3.     «Кәсіпорын ішіндегі тәртіп ережесімен, электр қауіпсіздігімен, алғашқы көмек көрсету ережелерімен танысу. Аптечканың тұратын орнын көрсету. Нұсқау беруді мастер немесе инженер техник қызметкерлері өткізеді» бұл қандай нұсқау (Кіріспе)

4.     3 ай сайын қайталанып,  журналға қол қойылып отыратын нұсқау түрі (Қайталау нұсқау)

5.     Жабдықтарды өзгерткенде қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда өткізіледі.  (Жоспардан тыс нұсқау)

6.     Өрт сөндіру қызметкерлерінің нөмірі (101)

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау :  

«Қол жұмыстарына арналған жабдықтармен танысу, қол жұмыс орнын дайындау. Практика жүзінеде уақытша тепшімдерді тігіп орындау»

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 3.31 Mb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 146

Похожие материалы