Автор презентации: Уалиева Назымгуль Маратовна
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
v Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
v Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
v Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
v Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
v Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған дербес компьютерде жұмыс істеуге тыйым салынады.
v Үстелге, дербес компьютердің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
v Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
v Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.