Салауаттану-болашағыңды сәулелендіру 5 сынып

Категория:
  1. Презентации для учителей
  2. ИЗО, МХК

Автор презентации: Алгожаева Ая Баженовна

Тәрбие сағаты  5 сынып

Тақырыбы: Салауаттану-болашағыңды сәулелендіру

Мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіре отырып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

 

Тәрбиелік: оқушыларды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.

Слайд 1Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру   «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі»                                                         Н.Ә.Назарбаев
Слайд 2«Әлемге денсаулық тілейміз, болашаққа денсаулықпен бірге барайық!».
Слайд 3Ой қозғау :
Слайд 4Қазақстан Республикасының Конституциясы  —  Қазақстан Республикасының  ата заңы. Ағымдағы  Конституция   1995 жылы   30 тамыз  күні жалпыхалықтық  Референдум  негізінде қабылданды және  5 қыркүйек  күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция  1993 жылы   28 қаңтарда  қабылданған болатын.

Слайд 6«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз .
Слайд 7Президент Жолдауының « Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі » тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз туралы аса к өңіл бөлген
Слайд 8Видео
Слайд 9Ойланайық, пікірлесейік.   1.«Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» президентіміздің сөзін қалай түсінесіңдер? 2. Біздің елімізде баланың денсаулығын сақтау үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі? 3.Адамның денсаулығына зиян келтіретін қандай жаман әдеттерді білесіңдер? 4.Денсаулық мықты болу үшін не істеу керек? 5. Қазақтың ұлттық ойындарының адам денсаулығына әсері бар ма?
Слайд 10Қазақтың ұлттық ойындары
Слайд 11Спорт ойындары

Слайд 13Қазақтың туы биікке самғады!
Слайд 141.Үй жұмысы  (оқушылардың денсаулық және спорт туралы мәлімет, эссе,мақал-мәтелдерді ).     Оқушылар жұмыстарын қорғайды 2.Сергіту сәті.  3.Шығармашылық жұмыс. Постер мен жұмыс Балалардың үндеуі. «Салауаттылық – біздің таңдауымыз!» Постер қорғау Жорға
Слайд 15«Егер мен президент болсам...» Балалардың тілек-арманы
Слайд 16Рефлексия Б үгінгі сабақ тұралы не айтасындар? Сабақ ұнады ма? Не білдің? Нені білгің келеді? Топпен жұмыс істеген ұнады ма? Көк ту видео
Обязательно поделитесь с друзьями:
Скачать Размер презентации: 2.48 Mb

Посмотрите также:

— Презентація до уроку етики в 5 класі «Як співвідносяться мораль та етикет»
— Презентация к мастерской письменного творчества 5 класс
— Формирование личностных УУД через внеурочную деятельность по информатике в 5 классе
— Презентация по татарскому языку на тему "Басым" (5 класс, татарскоязычная группа)
— Разработка урока по экономике "Первые деньги"(5 класс)